[Интервью] Auto Open Door технологиясы тұрмыстық техниканы күнделікті пайдалануды одан да ыңғайлы етеді
Тоңазытқыштың алдында екі қолы бос болмай әйтеуір бір рет тұрған немесе жуылып біткен кірді шығарғысы келген кез-келген жанның есіктердің өздігін ашылғанын қалағаны анық. 2021 жылы Samsung Electronics Auto Open Door функциясын – алдымен тоңазытқыштарға арнап «бір турту арқылы ашу» қарапайым шешімі ретінде ұсынды.

▲ Bespoke AI Family Hub тоңазытқышы жәй ғана саусақ тигізумен ашылады.
Бүгінгі таңда Auto Open Door құрылғылардың кеңейтілген аясында: тоңазытқыштарда, тұмшапештерде, кір жуу және кептіру машиналарында, сондай-ақ ыдыс жуу машиналарында қолжетімді1.
Кір жуу-кептіру және ыдыс жуу машиналары цикл соңында есікті автоматты түрде ашып, қосымша ыңғайлылық пен гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етеді. Bespoke AI Laundry Combo 2025 жаңа шешім ұсынады – кіріктірілген ауа айналымы жүйесі жуудан кейін барабандағы қалдық ылғалдылықты 40%-ға дейін азайтады2.
Осы жылдан бастап тұтынушыларға Auto Open Door қосу үшін «Hi Bixby» деп айтудың да қажеті жоқ – «Тоңазытқыштың есігін аш» деген сияқты қарапайым пәрмен жеткілікті.
Samsung Newsroom бұл технологияның қалай жасалғанын білу үшін тұрмыстық техникадағы кір жуғыш машина модулі зертханасының қызметкері На Ён Пак (Nae-young Park) және AI Solution Samsung Research командасынан Чан Ву Ханмен (Chang-Woo Han) әңгімелесіп қайтты.

▲ (Солдан оңға қарай) На Ён Пак және Чан-У Хан
Auto Open Door-ны жасап шығаруға шабыттандырған не?
Пак: Тұтынушылар тоңазытқышқа азық-түлікті немесе кірді кір жуғыш машинаға салғанда, есікті ашу үшін қолында ұстап тұрғандарын жиі қоя тұруға тура келеді. Кір жуғыш машина жағдайында кірді барабанда қалдыру ылғалдылық пен жағымсыз иістерге әкелуі мүмкін. Біз гигиенаны жақсарта отырып, тұтынушыларды осы қолайсыздықтан босату үшін Auto Open Door әзірледік.
Даму барысында қандай аспектілерді басты назарда ұстадыңыз?
Пак: Қозғалыс табиғи және тұрақты болуы үшін біз көптеген факторларды – ашылу бұрышы мен жылдамдығын ескердік. Бұрыштар бір дәрежелі дәлдікпен сыналған және дизайн шамадан тыс баяулық немесе керісінше, кенеттен сезілмейтіндей етіп оңтайландырылған. Кір жуғыш машиналарда біз тіпті ауаның тиімді айналымы және барабандағы қалдық ылғалды азайту үшін оңтайлы жағдайды анықтау үшін есіктің ашылуының әртүрлі бұрыштарында оттегі концентрациясын өлшедік.
Дауыстық есікті ашу функциясы Bixby-ді белсендірмей қалай іске асырылды?
Хан: Жүйе пәрмендерді белсендіру фразасынсыз тануы керек болғандықтан, ол күту режимінде болуы және бірден жауап беруі керек болды. Бұл энергия тиімділігі мен жауап беру жылдамдығы арасындағы теңгерімді талап етті. Біз құрылғыда төмен қуатты кілт сөзді тану және жергілікті сөйлеуді тану (ASR) қолдандық. Технология тұтынушының даусын анықтайды, «Тоңазытқыштың есігін аш» сияқты сөз тіркестерін ажыратады және оны тікелей құрылғыда өңдей отырып, пәрменді орындайды.
Дауыстық ажыратуды тұрақты және тиімді етуге мүмкіндік берген не?
Хан: Жоғары сапалы тану жүйенің әртүрлі пәрмендерді қаншалықты жақсы түсінетініне және дауыс деректерінің үлкен көлемін қажет ететініне байланысты. Бірақ оны қолмен жинау өте ұзақ және көп қаржыны тадап етеді. Сондықтан біз Zero-shot TTS3 технологиясын – нақты спикерлердің қатысуынсыз әртүрлі дауыстарда оқу жиынтықтарын жасауға мүмкіндік беретін сөйлеу синтезін жасадық. Біз оны жанды дауыстардың жазбаларына үйретілген үлгілерді алмастыра алатын деңгейге жеткіздік.
Болашақта Auto Open Door қандай бағытта дамитын болады?
Пак: Болашақта біз Auto Open Door мүмкіндігін көптеген құрылғыларға кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – тұтынушылар кез келген Samsung құрылғысымен мүмкіндігінше табиғи түрде әрекеттесе алады. Біз олардың физикалық қабілеттеріне немесе жағдайларына қарамастан, барлығының өмірін жеңілдететін шешімдерді жасауға тырысамыз.
Хан: Осы жылы біз дауыспен басқарудың жаңа мүмкіндіктерін, соның ішінде отбасы мүшелерінің дауыстарын ажырата алатын Voice ID және белсендіру фразасы жоқ пәрмендерді енгіздік. Болашақта біз негізгі алгоритмдерді жетілдіреміз және тұтынушылар үшін жекелендірілген қызметтерді дамытамыз.
Auto Open Door көмегімен Samsung тұтынушыға бағытталған инновацияны нағыз ыңғайлылыққа айналдырады. Болашақта компания бұл мүмкіндікті көбірек құрылғыларға біріктіруді жалғастырады, үйдегі жайлылық пен ыңғайлылық үшін жаңа технологиялар мен тұрмыстық техникамен бірегей тәжірибені ұсынады.
1 Функцияны қолдайтын құрылғылар мен үлгілердің сұрыпталымы нарыққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
2 Қалдық ылғалдың 40%-ға дейін төмендеуі есік ашық болған кезде 24 сағаттан кейін (10˚) жабылғанмен салыстырғанда өлшенеді. Сынақ 25℃ және 55% ылғалдылықта 1 кг жүктемемен жүргізілді (IEC, стандартты цикл, сығу деңгейі 4).
3 Zero-shot TTS технологиясы бірдей стильде жаңа жолдарды синтездеу үшін тұтынушы ұсынатын шамамен 5 секунд сөйлеуді пайдаланады.
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.