Қарағанды облысында Samsung кір жуғыш машиналарының және теледидарларының өндірісі басталды

19.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung сауда таңбасының тұрмыстық техникасын Қарағанды облысы, Сарань қаласында орналасқан қазақстандық зауыт Silk Road Electronics шығара бастады.

 

«Қазақстанда жасалған» заттаңбасын Samsung техникасының екі санаты – кір жуу машиналары және теледидарлар алды.

 

Қазақстанда шығарылған Samsung кір жуу машиналары бұл процесті ыңғайлылық және жайлылыққа айналдыратын, жәй ғана тиімді жууды қамтамасыз етіп қоймай, ақылды үйдің бір бөлігіне айналады.

 

SmartThings экожүйесімен бірігудің арқасында үй иелері смартфон арқылы қашықтан техниканы басқара алады, оңтайлы режим бойынша ойға салу алады және ресурстарды үнемдейді. Мұндай шешімдер процесті жеке қажеттіліктерге бейімдеуге және мұнымен бірге электр қуатын және су үшін шотты азайтуға мүмкіндік береді.

 

Бұдан бөлек, HD бастап  Crystal UHD 4K дейін – әртүрлі ажыратымдылықтармен теледидар үлгілері үшін өндірістік топтамалар іске қосылды. Жаңа өнімдер жарқын суреттермен, ағынды сервисті қолдауымен және ақылды үй жүйесіне бірігу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

 

 

Samsung теледидарларын Silk Road Electronics қуатында бірлесіп шығару туралы алғашқы келісімге 2024 жылғы желтоқсанда қол қойылды.

 

Қазақстанда кір жуу машиналар  және теледидарлар өндірісін жергіліктендіру, тұтыншуларға заманауи техника қолжетімдірек және жақынырақ болатындығын білдіреді. Мұнымен бірге, өнімнің сапасы Samsung халықаралық стандартына сәйкес келеді: әр құрылғы сенімділікті және ұзақ қызмет ету мерзімін кепіл ете отыра,  жинаудың әр кезеңінде қатаң қадағалаудан өтеді.

 

Өндірісті іске қосу жаңа жұмыс орындарын ашады және елдегі білікті мамандардың өсуіне мүмкіндік тудырады. Бұдан бөлек, бұл Қазақстанда заманауи электрониканы шығару бойынша толыққанды орталықты жасауға деген маңызды қадам.

 

 

«Қазақстанда өндірісті іске қосу – бұл біздің тұтынушыларымызға қарай жасалған қадам және елдің тұрақты дамуына қосылған үлес, – деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia президенті Юджин Джонг. – Біз жаhандық технологияларды және жергілікті мүмкіндіктерді заманауи шешімдерді әр үйге қолжетімді ету үшін және инновациялардың адамдардың және экономиканың игілігі үшін қалай қызмет ететіндігінің мысалы ретінде көрсету үшін біріктіреміз».

 

Өндіріс, ең алдымен, Қазақстанның ішкі нарығына бағытталғандықтан, бұл сұранысқа жылдам әрекет етіп және тұтынушыларды сапалы техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта өнімнің аумақтағы басқа нарықтарға шығу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Теледидар мен аудио

Өнімдер > Тұрмыстық техника

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары