Samsung бүкіл әлем бойынша Galaxy S25 сериясының сатылымының басталуын іске қосады

07.02.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Galaxy S25 жетілдірілген аппараттық және бағдарламалық шешімдерге негізделген интуитивтік мультимодальды мобильді жасанды интеллект арқасында күнделікті өмірді жеңілдетеді және жақсартады

Samsung Electronics жаңа сериядағы Galaxy S25 смартфондарының жаһандық сатылымы басталғанын жариялады. Жаңартылған One UI 7 интерфейсімен бірге тұтынушылар Samsung және Google қолданбаларында үздіксіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін бірден 46 тілдегі1 Gemini ЖИ-моделіне қол жеткізе алады.

 

▲ Нью-Йорк: 500 Бродвей, Galaxy Experience Space аумағы

 

«Galaxy S25 сериясы мобильді құрылғылармен өзара әрекеттесу тәсілін түбегейлі өзгертеді», – деп атап өтті Samsung Electronics мобильді құрылғылар бөлімшесінің президенті және басшысы Тэ Мун Ро (TM Roh). – Біз күнделікті тапсырмаларға арналған интуитивті және ыңғайлы шешімдерді ұсынатын жаңа интеллектуалды көмекшіге тұтынушылардың баға беруін тағатсыз күтіп отырмыз».

 

▲ Дубай: The Bay Festival City Mall, Galaxy Experience Space аумағы

 

Galaxy S25 сериялы смартфондарда One UI 72 жүйесінде жұмыс істейтін мультимодальды мүмкіндіктері бар ЖИ-агенттері  кіріктірілген. Бұл технологиялар дауыс, мәтін, бейне және кескінді қолдана отыра, әртүрлі қосымшаларда күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. «Менің күнім» (Now Brief)3 функциясы– бұл күні бойы пайдалы ұсыныстарды ұсынатын жекелендірілген көмекші, ал  (Now Bar)4 – белсенді процестерді басқарудың жаңа орталығын ұсынады. Хат бойынша көмекші (Writing Assist) арқылы  өнімділікті арттырудан бастап, Сурет салу бойынша көмекші (Drawing Assist)5 арқылы ашылатын шексіз шығармашылыққа дейін, Galaxy AI6 жетілдірілген мүмкіндіктері тұтынушылардың күнделікті өмірінің барлық аспектілерінде олардың мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.

 

Galaxy S25 құрылғымен өзара әрекеттесуді тағы да интуитивті ете түсті. Енді Gemini7 сүйікті спорт құрамасының кестесін тауып және оны Samsung күнтізбесіне қосу үшін бір пәрмен жеткілікті.

 

▲ Вьетнам: Хошимин, Galaxy AI Sai Gon терминалы

 

Бұдан бөлек, Google -дан «Белгілеу арқылы табу»  (Circle to Search)8 жаңартылған функциясы AI Overview көмегімен толыққанды ақпаратты ұсынады және бір жанасумен жылдам әрекеттерді орындайды.

 

▲ Индонезия: Джакарта Кота Касабланка, Galaxy Experience Space аумағы

 

Galaxy S25 сериясы ЖИ-мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық тәжірибені анықтайтын басты функцияларды жетілдіреді. Snapdragon® 8 Elite Mobile Platform for Galaxy процессоры жоғары өнімділікті және ЖИ-тапсырмаларының тура құрылғының өзінде шапшаң өңделуін қамтамасыз етеді. Galaxy-дың ProScaler9 және мобильдік Digital Natural Image Engine (mDNIe) бірегей технологиялары кескінді өңдеуді жақсартады және дисплейдің энергия тиімділігін арттырады.

 

Galaxy S25 Ultra-дағы 50-мегапиксельдік ультракеңбұрышты камера кез-келген жағдайда анық түсіруге мүмкіндік береді, Virtual Aperture және Samsung Log секілді кәсіби баптаулар студия сапасындағыдай фото- және видеоконтент жасауға көмектеседі.

 

Galaxy S25 – Coalition for Content Provenance and Authenticity (C2PA) ашық стандарты негізінде әзірленген, Content Credentials қолдауымен индустриядағы смартфондар сериясының алғашқысы.

 

Samsung C2PA-ға Adobe, Microsoft, OpenAI, Google және  Publicis Groupe секілді көшбасшылармен бірге қосылды. Бұл компания үшін генеративті ЖИ-ті жауапкершілікпен пайдалану және цифрлық контенттің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы тағы бір қадам болды.

 

Қазақстанда  Galaxy S25 сериялы смартфондар  21 ақпанда операторлар, бөлшек сауда желілері арқылы және Samsung.com сайтында ресми сатылымға шығады. Samsung ресми интернет-дүкенінде айрықша түстердегі жаңа өнімдерді таңдауға болады.

 

Galaxy S25 сериялы барлық құрылғылары Gemini Advanced арналған алты айлық жазылымды және 2 ТБ бұлттық қойманы қосымша тақтасыз алады. Жазылым аясында тұтынушыларға:  Gems  (кез-келген тақырыптарға арналған жекелендірілген AI-сарапшылар) және зерттеулерге арналған жеке AI-көмекші рөлінде болатын Deep Research қолжетімді болады.

 

Galaxy S25 жаңа сериялары туралы Samsung Newsroom және Samsung.com ресми ресурстарынан көбірек білуге болады.

 

▲ Мехико: Санта Фе Молл, Galaxy Experience Space аумағы

 

▲ Бразилия: Сан-Паулу, Galaxy S25 іске қосу бойынша іс-шара

 

▲ Германия: Берлин, Galaxy Experience Space аумағы

 

1 Қолдау көрсетілетін тілдер: араб, бенгал, болгар, қытай (жеңілдетілген/дәстүрлі), хорват, чех, дат, голланд, ағылшын, эстон, парсы, фин, француз, неміс, грек, гуджарати, иврит, хинди, венгр, индонезия, итальян, каннада, кәріс, латыш, литва, малайя, , маратхи, норвег, поляк, португал, румын, орыс, серб, словац, словендік, испан, суахили, швед, тамильдік, телугу, тай, түрік, украин, урду, вьетнам және жапон.

2 One UI 7-нің ресми шығарылымы ең соңғы Galaxy S сериялы құрылғыларымен басталады. Жаңарту біртіндеп басқа Galaxy құрылғыларға да таратылады деп күтілуде.

3 Now Brief мүмкіндігін пайдалану үшін Samsung есептік жазбасына кіру керек. Қызметтің қолжетімділігі елге, тілге, құрылғы үлгісіне немесе қолданбаға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір мүмкіндіктер желі қосылымын қажет етуі мүмкін.

4 Қолданбаларда қолдау көрсетілетін мүмкіндіктердің қолжетімділігі елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір виджет функциялары желі қосылымын және/немесе Samsung есептік жазбасына кіруд қажет етуі мүмкін.  

5 Drawing Assist мүмкіндігі жұмыс істеуі үшін желіге қосылуды және Samsung есептік жазбасына кіруді қажет етеді. Сақталған кезде кескінге көрінетін су таңбасы салынады, бұл кескіннің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетеді. Жасалған кескіндердің дәлдігі мен сенімділігіне кепілдік берілмейді.

6 Кейбір Samsung AI мүмкіндіктерін пайдалану үшін сізге Samsung есептік жазбасына кіру қажет болуы мүмкін. Samsung жасанды интеллект функцияларымен қамтамасыз етілген нәтижелердің дәлдігіне, толықтығына немесе сенімділігіне қатысты ешқандай уәде, мәлімдеме немесе кепілдік бермейді. Galaxy AI мүмкіндіктерінің қолжетімділігі аймаққа/елге, ОЖ/One UI нұсқасына, құрылғы үлгісіне және операторға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір мүмкіндіктердің қолжетімділігі құрылғы үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір аймақтарда жасы бойынша жас шектеулеріне байланысты жасы кәмелетке толмағандар үшін Galaxy AI қызметтеріне қол жеткізу шектелуі мүмкін. Galaxy AI мүмкіндіктері қолдау көрсетілетін Samsung Galaxy құрылғыларында 2025 жылдың соңына дейін тегін қолжетімді болады. Басқа шарттар үшінші тарап ұсынған ЖИ мүмкіндіктеріне қолданылуы мүмкін.

7 Gemini Extensions мүмкіндіктерінің қолжетімділігі мазмұнға байланысты өзгереді. Интернетке қосылуды, Android құрылғысын және орнатуды қажет етеді. Тілдің қолжетімділігі әртүрлі. Нәтижелер мысал ретінде берілген және әртүрлі болуы мүмкін. Жауаптардың дұрыстығын тексеріңіз.

8 Тізбектер қысқартылады және имитацияланады. Нәтижелер тек мысал ретінде берілген. Қызметтің қолжетімділігі елге, тілге немесе құрылғы үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Интернетке қосылу қажет. Пайдаланушылар Android және Google қолданбасын соңғы нұсқаға жаңартуы қажет болуы мүмкін. Нәтижелер визуалды немесе дыбыстық сәйкестікке байланысты өзгеруі мүмкін. Нәтижелердің дәлдігіне кепілдік берілмейді. Тек үйлесімді қолданбалар мен беттермен және қоршаған музыкамен жұмыс істейді. Құлаққап арқылы немесе телефонның дыбыс деңгейі өшірілгенде ойнатылатын музыканы анықтамайды

9 ProScaler функциясына Galaxy S25+ және Ultra модельдерінде қолдау көрсетіледі, Кескін сапасы құрылғы экранының ажыратылымдылығының баптамаларына байланысты QHD+ дейін жақсартылуы мүмкін.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары