Samsung Electronics CES 2025-те жаңа саундбарларды ұсынады
Q-сериялы флагмандық саундбарлар (HW-Q990F және HW-QS700F) әсер ететін өнімділікті көрсетеді және дыбыс сапасын жақсарту және шому әсерін жасау үшін жасанды интеллектті пайдаланады
HW-QS700F кез-келген интерьерге сәйкес келетін максималды әмбебаптылықты қамтамасыз ететін бірегей бейімделгіш дизайнмен ерекшеленеді
Samsung Electronics компаниясы HW-Q990F және HW-QS700F Q-сериялы флагмандық саундбарларды шығару арқылы үй аудиосы саласындағы жаңа технологияларын ұсынды. Бұл үлгілер тұтынушыларға дыбыстың теңдессіз сапасын және барынша жайлылықты ұсына отыра, жасанды интеллект негізіндегі алдыңғы қатарлы аппараттық қамтамасыз етуді қамтиды.
Samsung Electronics компаниясының Visual Display Business атқарушы вице-президенті Хун Ли (Hun Lee): «Біздің жаңа саундбарларымыз – жоғары дыбыс сапасы мен қолданудың ыңғайлылығының көрінісі. HW-QS700F инновациялық құрылымы және HW-Q990F жүйесіндегі озық ЖИ технологиялары, әр тұтынушы үшін жекелендірілген және иммерсивті дыбыс тәжірибесін ұсына отыра, бұл саундбарларға кез-келген ортаға бейімделуге мүмкіндік береді», – деді .
HW-Q990F: флагмандық дыбысты жаңадан анықтау
Жоғары бағаланған HW-Q990D мұрагері ретінде HW-Q990F саундбары үй аудиосын жаңа деңгейге шығарады. Ол қуатты басстар және төмен жиіліктердің ерекше дәлдігін қамтамасыз ететін жетілдірілген қос жүйелі белсенді сабвуфермен жабдықталған. Жаңа текше дизайны, резонансты төмендетіп және өзінің керемет бедерлі әрлеуімен заманауи интерьерге тамаша сәйкес келе отыра, сабвуфер өлшемін алдыңғы үлгімен салыстырғанда екі есеге дейін азайтады.
HW-Q990F төменде көрсетілгендер секілді, жасанды интеллект негізіндегі дыбысты оңтайландыру технологияларымен жабдықталған:
- Dynamic Bass Control тепе-теңдік пен бұрмаланудың болмауын қамтамасыз ете отырып, сызықтық емес негізді басқару арқылы басс дыбысын жақсартады.
- Q-Symphony Music Frame сияқты сымсыз динамиктердің орнын анықтау және дыбыс әсерлерін қашықтық пен бұрышқа байланысты автоматты түрде оңтайландыру арқылы 3D көлемді дыбыс әсерін жасайды
- Active Voice Amplifier Pro фондық шуылды азайтып, сөйлеуді қабылдауды жақсарту үшін диалогқа баса назар аудара отырып, нақты уақыттағы контентті талдайды.
Сонымен қатар, HW-Q990F Samsung TV нейрондық процессорын (NPU) Q-Symphony режимінде диалогтың нақтылығын арттыру және одан да синхрондалған және шомдыратын дыбысты шығару үшін қолданады.
HW-QS700F: әмбебаптық, сән және ғажап дыбысталу
HW-QS700F өзінің талғампаз дизайны мен гиротетік технологиясының арқасында, үй аудиосына арналған әмбебап шешімдерді ұсынады. Бұл саундбар қабырғаға бекіту үшін де, үстелге қою үшін де өте қолайлы. Кіріктірілген гидротетіктің арқасында, максималды айқындық пен батыру әсерін қамтамасыз ету үшін дыбысты оңтайландыра отыра, құрылғы автоматты түрде тік немесе көлденең позицияны анықтайды.
HW-QS700F жұқа және заманауи дизайны кез келген интерьерге жақсы сәйкес келеді. Бейімделетін пішін-факторы құрылғыға эстетиканы функционалдықпен үйлестіруге мүмкіндік береді, бұл кинематографиялық қабырға дисплейі үшін де, жұмыс үстелінің минималистік шешімі үшін де өте қолайлы болып табылады. Бұл саундбар өзінің дизайны секілді талғамға сай дыбысты қамтамасыз ететіндіктен – бұл өнімділікті талғампаздықпен қатар бағалайтын тұтынушылар үшін мүлтіксіз шешім.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Теледидар мен аудио
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.