Samsung Electronics пен Pepperl+Fuchs Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту үшін күш біріктіреді

05.10.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы мен жарылыстан қорғау және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы халықаралық сарапшы Pepperl+Fuchs ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады. Келісімнің мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ кәсіпорындары үшін тікелей өндірістік нысандарда пайдалануға бейімделген мамандандырылған шешімдерді дамыту.

 

«Біздің міндетіміз – экономиканың негізгі салаларында Samsung мобильді технологияларын қолдануды кеңейту. Pepperl+Fuchs-пен серіктестік бізге мұнай-газ компанияларына күрделі өндірістік жағдайларда жұмыс істеу үшін мамандандырылған мобильді шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді,” – деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia мобильді құрылғыларының корпоративтік бағытының басшысы Руслан Есімов.

 

 

Samsung пен Pepperl+Fuchs ынтымақтастығы аясында Samsung қорғалған мобильді құрылғыларын Pepperl+Fuchs жарылыстан қорғау және сертификаттау саласындағы сараптамасымен біріктіруді жоспарлап отыр

 

«Мобильді технологиялар саласындағы технологиялық көшбасшы Samsung компаниясымен ынтымақтастық бізге синергия әсерін пайдалануға және тапсырыс берушілерге IECEx және ATEX жарылыстан қорғаудың ең қатаң нормаларына сәйкес келу үшін P+F әлемдік деңгейде танылған сарапшылары бейімдеген Samsung-ның үздік аппараттық платформасын ұсынуға мүмкіндік береді», – деп бөлісті ТМД елдеріндегі өңірлік сату менеджері Никита Шорин.

 

 

Samsung пен Pepperl+Fuchs ынтымақтастығы жарылыстан қорғалған мобильді шешімдерді одан әрі дамыту және Қазақстанның мұнай-газ саласы кәсіпорындарында цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту үшін негіз болады.

 

 

Pepperl+Fuchs компаниясы туралы

PEPPERL+FUCHS компаниясы – электрондық сезбектердің ірі өндірушісі және ұшқыннан қауіпсіз электр тізбектері мен жарылыстан қорғау технологиялары нарығының даусыз әлемдік көшбасшысы. Pepperl + Fuchs GmbH жабдықтары мұнай-газ, химия, қағаз және тоқыма өнеркәсібінде, машина жасауда, автокөлік жасауда, логистикада, процестерді басқаруда, қауіпсіздік техникасында қолданылады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Бизнеске арналған шешімдер

Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда

Өнімдер > Ұялы құрылғылар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары