Samsung жетінші жыл қатарынан Interbrand нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат брендтердің бестігіне кіреді
Рекордтық қаржылық нәтижелер мен жасанды интеллект технологияларының дамуы брендтің позициясын нығайтты

Samsung Electronics халықаралық Interbrand консалтингтік компаниясы оны тағы да әлемдегі ең қымбат бес брендтің қатарына қосқанын жариялады. Samsung жыл сайынғы Best Global Brands 2026 рейтингінде брендтің бағалау құны 105,2 млрд АҚШ долларымен бесінші орынды иеленді. Компания бұл позицияны жетінші жыл қатарынан сақтап, 2020 жылдан бері үздік бестікке кіретін Азияның жалғыз өкілі болып қала береді.
Samsung брендін бағалау кезінде Interbrand сарапшылары бірнеше негізгі жетістіктерді атап өтті:
- Жасанды интеллект үшін жартылай өткізгіш технологияларға бағытталған мақсатты инвестициялардың арқасында рекордтық қаржылық нәтижелер.
- Device eXperience (DX) бөлімшесінің жасанды интеллект саласындағы бәсекелестік позициясын нығайту.
- One Samsung тұжырымдамасына негізделген, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бағытталған бренд стратегиясын дамыту.
Device Solutions (DS) бөлімшесі жасанды интеллект индустриясының өсіп келе жатқан сұранысына жауап бере отырып, жоғары технологиялық жад өнімдерін жеткізу көлемін арттыруды жалғастырды. Samsung сонымен қатар HBM4 жадының жаппай өндірісін жолға қойып, коммерциялық жеткізуді бастау арқылы салада бірінші болып технологиялық көшбасшылықты сақтап қалды.
Device eXperience (DX) бөлімшесі жекелендірілген жасанды интеллект функциялары мен смартфондар мен теледидарлардан бастап тұрмыстық техникаға дейінгі әртүрлі құрылғыларды бірыңғай экожүйеге біріктіру арқылы пайдаланушылардың күнделікті өмірін ыңғайлы етеді. Биыл Samsung Galaxy Z Fold8 сегізінші буынның жиналмалы смартфонын таныстырды, ол жаңартылған дизайнмен және дисплейінің 4:3 арақатынасымен жиналмалы құрылғылар санатында жаңа стандарттарды белгілейді. Жаңа дизайн әсіресе жас аудиторияны қызықтырды және сонымен бірге смартфонды әртүрлі буын пайдаланушылары үшін тартымды етті.
Interbrand – брендинг саласындағы ең көне халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі . Жыл сайын ол компаниялардың қаржылық көрсеткіштері мен олардың даму перспективаларын, брендтің сатып алу туралы шешімдерге әсерін, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін кешенді талдау негізінде әлемнің жетекші брендтерінің құнын анықтайды. Бағалау кезінде бренд стратегиясы, аудиторияның қажеттіліктерін түсіну, бірегейлік, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу, дамудағы бірізділік және сенім деңгейі ескеріледі.
Компанияның жаңалықтары > Әлемде
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.