[Сұхбат] Шекараларды кеңейте отыра: Odyssey 3D-мен тұтынушы тәжірибесінің түрленуі
«Odyssey 3D мониторы әсердің жаңа заманасының басталғанын білдіреді».
— Тхэкван Ли, Samsung Electronics
Жақын арада ғана 3D-контент көптеген адамда айтарлықтай қолайсыздықпен байланысты болды. 3D -көзілдірігі немесе виртуалды шындық дулығасы (HMD) сияқты мамандандырылған жабдық, сондай-ақ айқас бөгеуілдерді тудыратын және бас айналуға әкелетін жетілмеген 3D-кескінді беру үш өлшемді контентке толық енуге жол бермеді.
Бүгінгі күні Samsung Electronics бұл баяндауды Odyssey 3D (G90XF) — 3D-контентті көзілдіріксіз көруге мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі ойын мониторы арқылы өзгертеді. Көзді бақылау (Eye Tracking) және тереңдікті көрсету (View Mapping) технологияларымен жабдықталған Odyssey 3D иммерсивті тамашалау және гейминг парадигмасының өзгеруін білдіреді.
Odyssey 3D монитор технологиясының шындықты сезіну жолын қалай өзгертетінін түсіну үшін Samsung Newsroom өкілдері Samsung Electronics компаниясының дисплей шешімдері (VD) бөлімшесінің қызметкерлері: Корпоративтік зерттеулер және әзірлемелер зертханасынан Донгхва Лим және өнімдік инновациялар зертханасынан Тэкван Ли-мен сөйлесті.
▲ Донгхва Лим және Тхэкван Ли Odyssey 3D технологиялары және құрамдас бөліктері туралы айтып беріп жатыр.
Odyssey 3D-дың үш басты технологиялары
3D дисплейлер бинокулярлық диспаренттіліктің арқасында көлемді әсер қалдырады, онда ми суреттің үш өлшемді тереңдігін қабылдайды, әр көзге әр түрлі көрінетін сәл өзгеше кескіндерді өңдейді. Осы принципті қолдана отырып, Odyssey 3D бұл принципті қамтамасыз етеді, бірақ көзілдіріксіз: ол әр көзге бөлек кескіндер жасайды, ал көзді бақылау технологиясы (Eye Tracking) пайдаланушының көзін оның көзілдірігі арқылы да тани алады.
«Бұрын қол жеткізу мүмкін емес болып көрінген технологияларды нарыққа шығару — айтарлықтай шабыттандырады», — Донгхва Лим, Samsung Electronics
Odyssey 3D үш негізгі технологияға негізделген: көзді бақылау (Eye Tracking), тереңдікті жасау үшін Дисплейді реттеу (View Mapping) және лентикулярлық линзаларды пайдалану (Lenticular Lens).

▲ Odyssey 3D арнайы көзілдірікті пайдаланбай иммерсивті 3D-тәжірибесін жасау үшін көптеген технологияларды біріктіреді.
Eye tracking технологиясы, көздің қозғалысын бақылайды және монитордың жоғарғы жағында орналасқан стерео камера арқылы жүзеге асырылады. Ол нақты уақыт режимінде пайдаланушының көз қозғалысын түсіреді және қадағалайды.
“Екі камера көзге ұқсас әртүрлі кескіндерді түсіретіндіктен, олар пайдаланушының көзінің орналасуын, сондай — ақ олармен монитор арасындағы қашықтықты нақты уақыт режимінде анықтай алады”, – деп түсіндірді Лим. “Бұл пайдаланушы қозғалыста болса да, дәл 3D кескінін ойнатуға мүмкіндік береді”.

▲ (Солдан оңға қарай) тереңдікті жасау үшін Дисплейді реттеу (View Mapping) және лентикулярлық линза (Lenticular Lens)
Осы деректерге сүйене отырып, жүйе әр көзге пиксельдің таралуын есептейді және View Mapping технологиясы арқылы тұтас 3D кескінін құрайды. Содан кейін лентикулярлық линза стерео эффект жасау үшін жарықты ерекше түрде сындырып, әр көзге әр түрлі кескіндер шығарады.
Odyssey 3D тек 3D-ойындары үшін ғана емес. Ол гейминг үшін жасалған, сондықтан 2D-режимінде де керемет сурет сапасы мен жоғары жауап беру жылдамдығын көрсетеді. Лентикулярлық линза Odyssey 3D Hub арқылы 3D режимін қосқанда ғана белсендіріледі.
Samsung-тың озық технологияларының көмегімен айқас бөгеуілдерді азайту
3D эффектілері контентке енудің жаңа деңгейін тудырғанымен, тіпті ең аз визуалды сәйкессіздіктер қабылдаудың тұтастығын бұзуы мүмкін. Дәл осы себепті Samsung жоғары сапалы 3D визуализациясын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай ресурстарды салды.
«Айқас бөгеуілдер сол және оң көзге арналған бейнелер сәйкес келмеген кезде орын алады, — деп түсіндірді Лим. — Бұл бас айналуын және жайсыздықты тудыруы мүмкін, сондықтан оларды азайтуға арналған әдістерді дайындап шығардық».

▲ Enterprise R&D Lab өкілі Донгхва Лим айқас бөгеуілдерді азайтатын технологиялар туралы айтып беріп жатыр.
Лимнің айтуынша, камера мен дисплей құрамдастарын өндіру немесе құрастыру кезіндегі ең кішкентай қателер де дисплей дәлдігіне әсер етуі мүмкін. «Мұны болдырмау үшін, – деп түсіндірді ол, – Samsung құрастырудан кейін калибрлеуді жүргізеді және әрбір құрылғының бірегей деректерін монитордың ішіндегі арнайы чипте сақтайды.
Аппараттық калибрлеуден басқа, Odyssey 3D терең оқыту көзді бақылау алгоритмін және жарықтың бұрмалануын және жарқырауын азайтатын арнайы экран жабынын пайдаланады, олардың барлығы айқас бөгеуілдерді азайтуға және ең жақсы 3D-тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Индустриядағы серіктестік арқылы 3D-геймингтағы инновациялар
Odyssey 3D-дің толық әлеуеті ойын барысында ашылады. Samsung Odyssey 3D Hub — Windows негізіндегі 3D-контент платформасын, сонымен қатар фотосуреттер мен бейнелерді 2D-ден 3D-ге түрлендіруді қолдауды әзірледі.
«Ойын индустриясының көшбасшылары күштерін біріктірген кезде, сайып келгенде ойыншылардың өзі жеңіске жетеді», — Тхэкван Ли, Samsung Electronics
Пайдаланушыларға жекелендірілген және қызықты тәжірибе ұсыну үшін Samsung көзілдірікті пайдаланбай 3D ойындарын оңтайландыру арқылы салалық серіктестермен белсенді жұмыс істейді.

▲ Тхэкван Ли салааралық ынтымақтастық — 3D-ойын нарығын кеңейтудің кілті екенін түсіндіруде.
Серіктестермен бірлескен жұмыс 3D-да ойын контентін кеңейту бойынша да жүргізілуде.
«Әзірлеушілер үнемі тұтынушылармен қарым-қатынастың жаңа түрлерін іздейді және бұл өзара әрекеттесудің бір жолы-3D-ойыны болып табылады», — деп атап өтті Ли.
Ол сондай-ақ ауқымды ынтымақтастық бүгінде қалыптасу сатысында тұрған 3D-гейминг нарығының жеделдетілген өсуінің кілті екенін атап өтті.
Samsung-пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізген баурап алатын 3D-шомудың жарқын мысалы – Nexon Korea және Neople жақында шығарылған ойыны — «The First Berserker: Khazan».
«Біз бірлесіп 3D-дағы визуалдық әсерлерді теңшедік,оларды кейіпкерлердің түрлеріне және артқы көрініске байланысты таңдадық. Барлығы — көріністердің ерекшеліктерінен бастап кат-көріністерге1 дейін — Odyssey 3D-ға бейімделген», — деп айтып берді Ли.

▲ «The First Berserker: Khazan»-нан көрініс
«Әсерлерді жасау — қалқымалы бөлшектер, жылдам қозғалатын жалындар және кинематографиялық ойындағы үзінділер — техникалық қиындық тапсырма болды. Бірақ мен командалық жұмыс арқылы қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамын, – деп қосты Ли. «Әсіресе, Khazan-дағы қарлы тау көрінісі ерекше әсер қалдырды: Odyssey 3D ойынында ойнаған кезде, қар ұшқындары ойыншының үстіне түсіп жатқан сияқты. Бұл тәжірибені мен әркімге өзі жеке сынап көруге кеңес беремін».
«Біздің зерттеулеріміз — тұтынушыларды болашақта байланыстыратын жол»,
— Тхэкван Ли, Samsung Electronics
Odyssey 3D мониторының шығуымен бірге Samsung компаниясы ойын тәжірибесін иммерсивтіліктің жаңа деңгейіне шығарады.
«Біз 3D ойын нарығын кеңейту үшін жергілікті және жаһандық деңгейде ойын әзірлеушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, деп атап өтті — Ли. — Біздің мақсатымыз — тұтынушыларға 3D ойындарының кең таңдауын ұсыну үшін ынтымақтастықты белсенді дамыту. Ойын индустриясының көшбасшылары күштерін біріктірген кезде, сайып келгенде ойыншылардың өзі жеңіске жетеді».
Мүмкін еместі жүзеге асыруға дейін: 3D-мониторлары нарығының болашағын қалыптастырамыз
Лим сонымен қатар соңғы онжылдықта технологияның қаншалықты алға жылжығаны туралы ой қозғады.
«Мен Samsung-қа алғаш рет келгенде, 3D-технологияларына арналған жиналыста болдым, сол кездегі технологияның деңгейінде, лентикулярлық линзаларды жасау жүзеге асуы мүмкін емес арман болып саналды», – деді ол. Ал енді, бірнеше жыл өткен соң, біз оны жүзеге асырып қана қоймай, оны нарыққа шығардық. Бір кездері қол жетімсіз деп есептелген технология негізінде іске қосылған құрылғыны көру шынымен таңғаларлық және керемет шабыттандырады».

▲ Донгхва Лим және Тхэкван Ли 3D-технологиялардың болашағына сенімді.
«Жаңа тәжірибелерді жасау бойынша біздің зерттеулеріміз — тұтынушыларды болашақпен байланыстыратын жол болып табылады. Odyssey 3D онда технологиялар әдеттегі аядан асып шығатын жаңа дәуірдің басталуын білдіреді, — деп атап өтті Ли. — Odyssey 3D-да іске қосылған ойындар тек жекелеген сәттерде ғана емес, бүкіл ойын барысында “вау”-әсерін беретініне кепілдік беріледі».
Samsung ойын мониторы нарығында жетекшілік етуді жалғастыруда және Odyssey 3D компанияның иммерсивті технологияны қалай қайта елестететіндігінің және дисплей инновациясының шекарасын қалай ілгерілететінінің жарқын мысалы болып табылады.
1 Ойын процесі кезінде кезеңдер арасында көрсетілетін қысқа сюжеттік роликтер.
Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.