Жақында: құпиялылықтың жаңа деңгейі

28.01.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Күнделікті сәттеріңізді құпия сақтайтын жаңа құпиялылық шебі

Смартфондарымыз ұзақ уақыт бойы біздің ең жеке кеңістіктеріміз болды, бірақ біз оларды ең жеке емес жерлерде қолданамыз. Автобуста, лифтте және кезекте тұрған кезімізде біздің сандық «ішкі сырымыз» көрсетіледі. Ал телефондар күнделікті өміріміз бен қалауларымызға бейімделген сайын, құпиялылыққа қатысты мәселелер күшейе түседі.

 

Сондықтан Samsung жақын арада қай жерде болсаңыз да, телефоныңызды бөтен көздерден қорғау үшін жаңа деңгейдегі құпиялылықты енгізеді. Қоғамдық көлікте біреудің қарап тұрғанынан алаңдамай, хабарламаларыңызды тексеруге немесе құпия сөзіңізді енгізуге болатын орын болады.

 

Жылдар бойы жасалған икемді қорғаныс

Барлығына бірдей құпиялылық деңгейі қажет емес. Жаңа деңгей сізге ең қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Сіз оны белгілі бір қолданбаларды пайдалану кезінде немесе телефонның жеке аймақтарына кіру деректерін енгізу кезінде қорғаныс деңгейін жоғарылататын етіп орната аласыз. Көрінуді реттеуге арналған көптеген баптаулардың арқасында Сіз Құпиялылықты қорғаудың қажетті деңгейіне байланысты басқалардың не көретінін шектей аласыз.

 

Сондай-ақ, қалқымалы хабарландырулар сияқты интерфейстің белгілі бір бөліктерін қорғауды таңдауға болады. Бұл жалпы баптауларға қарағанда дәл реттеуге немесе толығымен өшіруге болатын жеке тәсіл.

 

Бұл технологияға жету үшін жалпы бес жылдық инженерия, сынақтар мен түзетулер қажет болды. Біз адамдардың телефондарын қалай пайдаланатынын, олар өздері үшін жеке деп санайтынын және қауіпсіздікті күнделікті қалай сезіну керектігін зерттедік. Нәтиже-сіздің қауіпсіздігіңіз үшін кәсіби түрде конфигурацияланған аппараттық және бағдарламалық жасақтаманың үйлесімі.

 

Мобильді құпиялылықтың жаңа стандарты

Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жасалған Galaxy сериясындағы соңғы жаңалық. Құпиялылық мықты қорғаныссыз өмір сүре алмайды. Он жылдан астам уақыт бойы Samsung Knox Galaxy құрылғылары үшін Knox Vault типті арнайы қауіпсіздік жабдықтарынан бастап Knox Matrix сияқты экожүйелік қорғаныс бағдарламаларына дейін бірнеше қорғаныс деңгейлерін орнатты. Бұл ең жаңа қорғаныс шарасы пиксель деңгейіндегі құпиялылықты білдіретін қауіпсіздік міндеттемесіне негізделген.

 

Сіз көре алатын бұл құпиялылық және сіз сезінетін қауіпсіздік – осының барлығы жақын арада Galaxy-да жүзеге асырылады.

 

 

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары