Жасырын жаққа қадам: Samsung және Netflix Galaxy-ға арнап «Оғаш дүниелер» бойынша ерекше тақырыпты ұсынады

12.01.2026
Share open/close
Сілтеме көшірілді

«Оғаш дүниелер» сериалы аяқталысымен Samsung Electronics және Netflix жанкүйерлеріне он жылға жуық уақыт бойы поп-мәдениетті қалыптастырған әйгілі шоудың соңғы маусымын атап өтудің ерекше тәсілін ұсынады. 12 қаңтардан бастап, Қазақстанды қоса алғанда, 186 елдегі Samsung Galaxy тұтынушылары Galaxy Store1 — арқылы Netflix қолданбасын жүктеген немесе іске қосқан кез келген адам шектеулі уақытқа қосымша ақысыз қолжетімді эксклюзивті Stranger Things тақырыбы мен аяларды жүктей алады.

 

Stranger Things 2026

 

Мәдени құбылыстан алынған танымал суреттер

Өзінің 2016 жылы тұсаукесерінен бері «Оғаш дүниелер» сериалы Netflix-тің жетекші әлемдік ойын-сауық қызметі ретіндегі өсуінде шешуші фактор болды. Сериал жаһандық мегахитке айналды, көрермендерді баурап алып, бүкіл әлем мен ұрпақтар арасында пікірталастар тудырды. Бесінші маусымның бірінші бөлігі 2025 жылғы 27 қарашада шыққаннан кейін, сериал 91 елде бірінші орынға шықты және алғашқы бес күнде 59,6 миллион қаралым жинады, бұл ағылшын тіліндегі Netflix сериалы үшін бүгінгі күнге дейінгі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, ол Netflix тарихында бес маусымның барлығын бір уақытта әлемдік үздік 10-дыққа енгізіп, бес апта қатарынан осы орынды иеленген алғашқы сериал болды. Соңғы маусымның барлық эпизодтарын енді бүкіл әлем бойынша тек Netflix-те көруге болады.

 

Samsung-тың 5-маусымнан шабыттанған эксклюзивті контенті осы толқынмен жүріп жатыр. 12 қаңтардан 22 ақпанға дейін қолжетімді болатын топтамаға арнайы тақырып және сериал кейіпкерлері мен көріністері бар бес ая кіреді, соның ішінде Хоукинс пен Астыртын жан бар. Шоудың ерекше атмосферасын көрсететін визуалды материалдар жанкүйерлерге шоудың элементтерін күнделікті өмірлеріне енгізуге мүмкіндік береді.

 

Оқиғаларды әңгімелеу өнеріне арналған ұзақ мерзімді серіктестік

Samsung пен Netflix жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп, көрермендерге әлемдегі ең танымал сериалдардың кейбірінен шабыттанған қызықты, жоғары сапалы контент ұсынып келеді. Жаңа серіктестік оның аясында «KPop Demon Hunters» әлемдік танымал хиты үшін арнайы тақырыптар ұсынылған соңғы жобадан кейін орын алды, ал бұдан бұрын компаниялар «Оғаш дүниелер» сериалының 4-маусымының шығарылуын бірлесіп атап өтті.

 

1 Android 15-16 нұсқасында жұмыс істейтін Galaxy смартфондарына арнайы тақырыптар жиынтығын жүктеп алуға болады және барлық үлгілерде қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Аяларды Android 8 және одан жоғары нұсқаларында жұмыс істейтін Galaxy смартфондарына жүктеп алуға болады. Тақырып пен ая шектеулі уақытқа қолжетімді және Samsung немесе Netflix компанияларындағы жағдайларға байланысты ескертусіз немесе жауапкершіліксіз кез келген уақытта өзгертілуі немесе алынып тасталуы мүмкін.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары