ЖИ-серіктесі сіздің шығармашылық әлеуетіңізді қалай ашады

16.01.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

 

Он жылдан астам уақыт бойы барлық әлемдегі адамдар өнімділігін арттыру және шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін Galaxy смартфондарын пайдаланып келеді. Galaxy Note сериясының инновациялық мұрасын жалғастыратын, Galaxy S Ultra сериясы мұнда ерекше рөл атқарады. Бұл топтама ұзақ уақыт бойы шексіз шығармашылықтың символы болды және оны миллиондаған Galaxy жанкүйерлері жақсы көреді.

 

Қуатты сипаттамалар, үлкен дисплей және таңғажайып S Pen стилусы арқасында, Galaxy S Ultra кез-келген уақытта шабытты жүзеге асыруға немесе смартфон құлпын ашпай және  ескертпелерге арналған қолданбаны ашпай-ақ, тез және оңай ойларын жазып алуға көмектеседі.

 

Жаңа деңгейдегі шығармашылық

Өткен жылы Samsung Electronics мобильді технологияның жаңа дәуірін айқара ашып, Galaxy AI-ды ұсынды. Бұл революциялық құрал,  шығармашылық көзқарастарды жүзеге асыру үшін оны одан да қажет ете түсіп, Galaxy S Ultra сериясын келесі деңгейге көтерді. Енді сіздің жасампаздығыңыз жаңа деңгейлерге жетеді.

 

Енді «Сурет салу бойынша көмекшіге» кіріктірілген «Нобай кескінге» функциясы күштірек бола түсті.  Ол қаламмен немесе саусақпен сурет салуды ғана емес, сонымен қатар мультимодальды мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғымен өзара әрекеттесуді түрлендіреді. Енді сіз өз идеяларыңызды нақты түрде жүзеге асыра аласыз: нобайын сызыңыз, қалаған суретті сипаттаңыз немесе жай ғана Galaxy смартфонына нені көргіңіз келетіні туралы айтыңыз. Егер сіз оны елестете алсаңыз –  Galaxy AI оны жасауға көмектесе алады.

 

Өз қиялыңызға ерік бере алатыныңызды елестетіп көріңізші. S Pen көмегімен мысықтың суретін салыңыз да, «космостық скафандр» деп мәтіндік сипаттаманы қосыңыз – енді сіздің мысығыңыз космосқа саяхаттауға дайын. Немесе арманыңыздағы үйді көз алдыңызға елестетіп көріңіз: жылдам үйдің қалқанының нобайын жасаңыз, сосын оның қай жерде болғанын қалайтыныңызды мәтінмен жазыңыз, мысалы «жағажайда» немесе «тауда» деп, – сосын «Сурет салу бойынша көмекші» сіздің болашақ үйіңіздің әртүрлі декорацияларда қалай көрінетінін көрсетеді.

 

Note-тан бастап Ultra-ға дейін және әрі қарай

«Шығармашылық еркіндіктің бұл деңгейі 2011 жылы біз Galaxy Note-ті таныстырған және смартфондардың шығармашылық мүмкіндіктері туралы көзқарасты өзгерткен кезде, иинновациялардың арқасында мүмкін болды. Бүгінгі күні бұл күш пен ізашарлық рух Galaxy S Ultra топтамасымен дамиды және Galaxy AI интеграциясымен ол мүлдем жаңа деңгейге шығады».

 

Samsung-тың   алғашқы біріктірілген AI платформасы One UI 7 шығарылымымен,  Galaxy смартфондары мәтін, сөйлеу және кескіндер арқылы табиғи тілді түсінетін шынайы AI-серіктестеріне айналады. Олар бірегей шығармашылық үшін мультимодальды мобильді AI-технологиясында жаңа стандарттарды белгіледі. Және бұл тек бастамасы ғана. Жаңа Galaxy S сериясы шығармашылық қабілеттеріңізді барынша ашуға қалай көмектесетінін көру үшін, 22 қаңтарда Galaxy Unpacked тұсаукесеріне қосылыңыз.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі