Астанада Solve For Tomorrow 2026 мектеп стартаптары байқауының финалы өтті

25 тамызда alem.ai халықаралық ЖИ орталығында Samsung Solve For Tomorrow 2026 жыл сайынғы республикалық стартаптар байқауының финалы өтті. Биылғы байқаудың финалына Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты оқушылардың 11 командасы қатысып, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды. Байқаудың серіктесі “Аяла” жеке қайырымдылық қоры болды.
Solve For Tomorrow байқауы Қазақстандағы алтыншы байқау болды және заманауи сын-қатерлерді шешуге бағытталған 858 бірегей идеямен қатысуға өтінім берген 2800-ден астам мектеп оқушысын тартты. Қатысушыларға тиімді шешімдер табу үшін ғылым, технология, инженерия және математиканы (STEM) қолданатын жобаларды әзірлеу ұсынылды.

Мұқият іріктеуден кейін жартылай финалға 38 команда шықты, олар 10 маусымда Алматыға “Дизайн-ойлау” тақырыбы бойынша ментор-сессияға қатысу үшін келді. Алынған білім мен тәжірибенің арқасында финалистер өз жобаларын айтарлықтай жақсартып, жетілдіре алды.
Үш айлық белсенді жұмыстан кейін 11 финалист-жоба Астанаға аттанды, онда әр команда өз идеяларын қазылар алқасының алдында таныстырып, сөйлегеннен кейін пайдалы кеңестер мен ұсыныстар алды. Оқушылардың жұмысын бағалауды QazInnovations, MedHub HAQ, QAIRU, Astana Hub, Samsung Electronics және басқа да ұйымдардың сарапшыларынан құралған тәжірибелі қазылар алқасы жүзеге асырды.

Финалдық жобалар мен қатысушылардың өнер көрсетулерін жан-жақты талқылағаннан кейін қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған ең мықты үш команданы таңдады:
- 1 орын мен 4 миллион теңгелік жүлдені Ақтөбе қаласындағы НИШ ЕМН-нің MKGA командасы жеңіп алды. Жас инноваторлар күрделі немесе тым қымбат робототехника жиынтықтарына арзан және түсінікті балама ұсына отырып, балалар үшін практикалық IT-білімнің қолжетімсіздігі мәселесін шешеді. Олардың шешімі 3D принтерде басылған, OquBotIDE интуитивті блоктық бағдарламалау ортасы арқылы басқарылатын жұмыс үстелі роботы-аниматроник OquBot болды.
- 2-орын және 2,5 миллион теңге Туркестан қаласының НИШ оқушыларына берілді. Олардың Endosim жобасы – студенттер мен жаңадан бастаған дәрігерлерге қымбат жабдықтарды пайдаланбай-ақ шынайы модельде тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін эндоскопияны үйретуге арналған қолжетімді симулятор. EndoSim қолданыстағы эндоскопиялық симуляторлардың жоғары бағасы (30-дан 54 млн теңгеге дейін) және олардың шектеулі қолжетімділігі мәселесін шешеді, өйткені қазір мұндай жабдықтар негізінен Астана мен Алматыда шоғырланған.
- 3-орын және 1 миллион теңге Қарағанды қаласының “Дарын” орта білім беру мектебінің Asian Sharks командасына берілді. Жігіттер жер астындағы шахталар үшін IoT, сымсыз Mesh-желілер және жасанды интеллектке негізделген болжамды қауіпсіздіктің аппараттық-бағдарламалық кешені – SAMRUQ.AI-ді таныстырды, ол жер астында апаттардың алдын алады және кеншілердің өмірін құтқарады.

Сонымен қатар, жүлдегерлерден басқа, сегіз финалист-команда 300 000 теңге сомасына сертификаттар алды, оларды өз жобаларын одан әрі дамытуға жұмсай алады. Өткен жылдардағы көптеген финалистер өз идеяларын өндірістік қуаттарға шығару үшін осындай сертификаттарды сәтті пайдаланды.
Алты жыл бойы Solve For Tomorrow жобасы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас инноваторларға әлемге оң өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік беріп келеді. Жыл сайын біз көптеген өтінімдерді қабылдаймыз, бұл барлық саладағы мектеп оқушыларына STEM-білім беру және Стартап-индустрия саласында құнды білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Биыл ұсынылған жобалар біздің қоғамымызды жақсартып қана қоймай, әлемді жақсартуға ықпал ететін идеяларды қалай жүзеге асыруға болатынын көрсете отырып, қазақстандық жасөспірімдер үшін шабыттандыратын үлгі болатынына сенімдіміз,” – деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia Корпоративтік маркетинг тобының директоры Берік Умаров.
Алдағы уақытта жеңімпаздар мен финалистер Samsung Electronics және серіктес ұйымдар тарапынан өз жобаларын дамытуда жан-жақты қолдауға ие болады, бұл оларға дамудың келесі сатысына өтуге көмектеседі. Жоба туралы толығырақ ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан алуға болады.


Компанияның жаңалықтары > Әлеуметтік жобалар
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Компанияның жаңалықтары > Қазақстанда
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.