IFA 2025 қарсаңында Samsung компаниясы SmartThings Meets AI Home науқанын ұсынады
Науқан Samsung-тан AI Home жайлылықты қалай қамтамасыз ететінін және күнделікті өмірді мағыналы ететінін көрсетеді

Samsung Electronics компаниясы SmartThings Meets AI Home деп аталатын жаңа науқанды ұсынды. Бейнежазбада Samsung -тан AI Home жасанды интеллектті пайдаланудың инновациялық күнделікті тәжірибесін қалай қамтамасыз ететіні көрсетілген, бұның арқасында тұтынушылардың өмірі мағыналы бола түседі. IFA 2025 көрмесі қарсаңында басталған науқан SmartThings-тің жаңа интерпретациясында AI Home-ға қатысты Samsung-тың көзқарасын көрсетеді.
Samsung-тан AI Home тұтынушыларды түсінеді және SmartThings арқылы Samsung құрылғыларын да, үшінші тарап гаджеттерін де біріктіретін жекелендірілген AI-тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы олардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Роликте AI Home адамдарға үйдегі күнделікті жұмыстарды азырақ орындай отырып, көбірек сапалы уақыт өткізуге және маңызды нәрселерге назар аударуға қалай көмектесетіні көрсетілген.
Бейнеде SmartThings Routine кондиционер температурасы мен жарықтандыруды реттейді, ал SmartThings қолданбасында бір рет түрту тұрмыстық техникаға үй тапсырмасын автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді1. Бұл тұтынушыларға отбасымен көбірек уақыт өткізуге, демалуға және жақсы ұйықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, SmartThings Pet Care қызметі арқылы тұтынушылар тіпті қолы бос болмағанда да үй жануарларына қамқорлық жасай алады.
«Осы науқанды бастау арқылы біз Компанияның AI көшбасшылығы мен SmartThings мүмкіндіктерінің арқасында қайта ойластырылған Samsung-тың AI Home бірегей тәжірибесін атап өтуге және оны тұтынушыларға барынша түсінікті түрде жеткізуге тырыстық”, – деп атап өтті Samsung Electronics жаһандық маркетинг кеңсесінің президенті және басшысы Вон Джин Ли (Won-Jin Lee). Біз күнделікті өмірді жеңілдететін, мағыналы және адам өміріне ыңғайландырылғанға айналдыратын AI Home шешімдерін енгізу бойынша жұмысты жалғастырамыз».
2 қыркүйектен бастап бейне әлемнің астаналарында, соның ішінде Нью-Йорктегі Таймс-сквер мен Лондондағы Пикадилли алаңында көше экрандарында көрсетіледі және Samsung-тың ресми әлеуметтік медиа беттерінде, соның ішінде YouTube-те пайда болады.
Samsung құрылғылары туралы қосымша ақпаратты samsung.kz-те табуға болады.
1 Android және iOS құрылғыларында қол жетімді SmartThings қолданбасына қосылған құрылғыларға қолданылады. Жұмыс істеу үшін SmartThings қолданбасында сценарийлерді алдын ала орнату, Wi-Fi қосылымы және Samsung есептік жазбасы қажет.
БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері
Өнімдер > Тұрмыстық техника
Жүктеу
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl1.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl2.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl3.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl4.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl5.jpg
-
Samsung-Digital-Appliances-IFA-2025-SmartThings-Meets-AI-Home-Campaign_dl6.jpg
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.