Салауатты өмір салты Galaxy Watch жаңа желісінде Galaxy AI-ді қолдану арқылы «зияткерлік» болады

30.05.2024
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Осы жылдың басында Samsung Electronics компаниясы ұялы жасанды интеллекттің дәуірін ашқан Galaxy S24 флагмандық смартфондарының сериясын ұсынды. Компания сондай-ақ құрылғылардың кең ауқымына Galaxy AI-ді¹ енгізу бойынша жоспарларымен бөлісті. Осылайша, Galaxy AI жасанды интеллекті Galaxy Watch смарт-сағаттарының танымал қызметтерін жетілдіреді. Компания құрылғыда АІ мүмкіндіктерін Samsung Health қосымшасымен үйлестіріп, денсаулықты сақтау үшін алдыңғы қатарлы дербестендірілген және қауіпсіз ұялы технологияларды жасайды.

 

Өз денсаулығын және ұмтылысын одан да тұтас түсінуге арналған АІ

 

Samsung компаниясы пайдаланушыларға өз денсаулығының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектесетін маңызды да, нақты деректерді өз құрылғыларында пайдаланудан бастаған, ал қазір ол өзін жақсы сезіну және денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені құрудың міндетін өзіне жүктеді. Енді Galaxy AI және Samsung Health қосымшасының өзара әрекеттесуі арқасында денсаулықтың жаңа функциялары сізге өз денсаулығыңыздың күйі, сондай-ақ өзіңіздің күнделікті күйіңіз, сондай-ақ ынталандырушы қолдау жайлы одан да толық мәліметтерді ұсына алады. Денсаулықтың жеке көрсеткіштерін құрамдастырылған талдаудың, соның ішінде ұйқының орташа уақытын, ұйқыға тұрақты жұмсалған уақытты, тұрақты ұйықтау/ояу уақытын, ұйқыға кету уақытын, алдыңғы күндегі белсенділік дәрежесін, ұйқы кезіндегі жүрек соғу² жиілігін және жүрек ырғағының өзгеруін өлшеу арқасында Energy Score³ көмегімен сізге өзіңіздің күнделікті күйіңіз жайлы толығырақ ақпаратты береді. Сонымен қатар, Wellness Tips⁴ нақты қойылған мақсатқа тәуелді қажетті ақпаратты, ынталандырушы кеңестерді және ұсынымдарды беру арқылы сізге денсаулық сақтау саласындағы жеке мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі.

 

 

Арттырылған дәлдік пен сенімділік

 

Денсаулықтың дәл және толық көрсеткіштері құрылғының алдыңғы қатарлы зияткерлік медициналық функциялары үшін негіз болып табылады. Тұлғаның жеке денсаулығының күйін бақылауға арналған жетілдірілген алгоритмдер мен алдыңғы қатарлы құралдар жасанды интеллектпен бірлестікте одан да тұтас, дербестендірілген және практикалық деректерді қамтамасыз етеді. Денсаулық жайлы күтім толыққанды түнгі ұйқыдан басталғандықтан, Samsung компаниясы ұйқы жайлы толығырақ қосымша ақпаратты беру үшін жасанды интеллекттің ұйқыға арналған алгоритмдерін жетілдіреді. Sleep Insights-та жаңадан шыққан ұйқының жаңа көрсеткіштері сізге ұйқыңыздың режімін зерттеуге және әдеттеріңізді жақсартуға көмектесу үшін ұйқының сапасын одан да толық және дәл талдауын ұсынады. Қорылдау, қандағы оттегінің мөлшері және ұйқының циклі сияқты бұрыннан бері қолданып келе жатқан көрсеткіштерге қоса, жаңадан ұйқы кезіндегі қозғалыс, ұйқының тоқтауы, жүректің соғу жиілігі және ұйқы кезіндегі дем алу жиілігі кіреді.

 

Жаңа фитнес-функциялар дәстүрлі түрде жоғары технологиялық құралдармен қамтамасыз етілетін одан да дербестендірілген жаттығулар үшін өз физикалық мүмкіндіктеріңізді өлшеудің зияткерлік және қарапайым әдістерін қолдануды ұсынады. Personalized Health Rate Zone аймағындағы қарқынды жүгірудің бес деңгейіне қосымша тиімді жүгіруді қолдайтын және нәтижелерді бірден талдайтын Aerobic Threshold (AT)/Anaerobic Threshold (AnT) Heart Rate Zone⁵ жаңа көрсеткіштері қосылды. Сонымен қатар, велошабандоз жасанды интеллекттің деректерін талдауға негізделген дербестендірілген ақпаратты қолдана отырып, 10 минуттың ішінде⁶ Functional Threshold Power (FTP) көрсеткіштерін оңай есептеп, кәсіби спортшы сияқты жаттыға алады. Фитнес-трекингтің ыңғайлы аспаптары сізге өз жаттығуларыңызды және жетістіктеріңізді оңай бақылауға мүмкіндік береді. Workout Routine жаңа бағдарламасының көмегімен сіз дербестендірілген жаттығу үшін әр түрлі жаттығуларды үйлестіріп, бір жаттығудан екіншісіне ыңғайлы көше аласыз. Race⁷ функциясы жүгіргенде және велосипед тепкенде сіздің қазіргі және өткен нәтижелеріңізді салыстырады. Осылайша, ол сіздің ішкі ынталандырушы күшіңізді сақтап, өз жетістіктеріңізді бақылауға мүмкіндік береді.

 

«Біз өз экожүйемізде Galaxy AI мүмкіндіктерін кеңейте отырып, пайдаланушыларға олардың талғамына сай жаңа зияткерлік мүмкіндіктердің кең ауқымын ашуға ұмтыламыз, – дейді Samsung Electronics компаниясының MX Business бөлімшесінің Galaxy Ecosystem өнімдерін жоспарлау тобының басшысы және вице-президенті Джунхо Пак (Junho Park) – Galaxy AI-дің Galaxy Watch смарт-сағаттарымен интеграциясы – бұл үрдістің бастамасы, біз жақын арада АІ функцияларының бүкіл Galaxy портфолиосына кеңеюін асыға күтудеміз».

 

Бұл функциялар осы жылы ұсынылатын One UI 6 Watch-пен Galaxy Watch смарт-сағаттарының жаңа желісінде қол жетімді болады. Galaxy Watch пайдаланушыларының шектеулі саны ғана маусымда басталатын бета-бағдарламаға⁸ алғашқылардың бірі қатарында қосыла алады. Бұл – біздің пайдаланушыларға арналған жаңалықтарымыздың шағын бөлігі, біз сіздің назарыңызға Galaxy Watch смарт-сағаттарының жаңа сериясында шығатын алдыңғы қатарлы жасақтамалық жаңартулармен үйлесе алатын Galaxy AI-дің барлық мүмкіндіктерін көрсетуді асыға күтудеміз. Жаңалықтарымызды бақылап жүріңіз!

 

1 Жасанды интеллекттің кейбір функцияларына қол жеткізу үшін Samsung есептік жазбасына кіру талап етілуі мүмкін. Samsung компаниясы жасанды интеллекттің функциялары ұсынатын нәтижелердің дәлдігіне, толықтығына немесе сенімділігіне ешқандай сөз, уәде немесе кепілдік бермейді. Galaxy AI функцияларының қол жетімділігі құрылғының моделіне тәуелді болуы мүмкін. Galaxy AI функциялары 2025 жылдың соңына дейін Samsung Galaxy құрылғыларында тегін ұсынылатын болады. Үшінші тараптар ұсынатын жасанды интеллекттің функциялары үшін өзге шарттар қолданылуы мүмкін.
2 Диагностикалаудың немесе емдеудің дәстүрлі әдістерін алмастыруға арналмаған.
3 Тек жалпы қолдануға арналған. Android (Ож Android 10 немесе одан жоғары) телефондарында қол жетімді және Samsung Health қосымшасын (v6.27 немесе одан жоғары) талап етеді. Samsung есептік жазбасына кіруді талап етеді. Energy Score тексеруі үшін Galaxy Watch смарт-сағаттарынан (Galaxy Watch4 немесе одан жаңа Galaxy Watch сериясының құрылғыларынан) алынатын денсаулық жағдайының мәліметтері Samsung Health қосымшасымен синхрондалуы тиіс. Алдыңғы күннің белсенділігі және түс көру туралы деректер, сондай-ақ тұлғаның ұйықтағанда жүрегінің соғу жиілігі туралы мәліметтер қажет.
4 Android (ОЖ Android 10 немесе одан жоғары) телефондарында қол жетімді және Samsung Health (v6.27 немесе одан жоғары) қосымшасын талап етеді. Samsung есептік жазбасына кіруді талап етеді. Қандай да бір ауруды анықтауға, диагностикалауға және емдеуге арналмаған. Нәтиже тек тұлғаның жеке танысуына арналған. Кеңес алу үшін медицина маманына жүгініңіз.
5 Heart Rate Zone аймағында дербестендірілген деректерді белсенді ету үшін таза ауада жүгіруді таңдау қажет. Бұл үшін 10 минуттан астам уақыт ішінде 4 км/сағ немесе одан жоғары жылдамдықпен тоқтамай жүгіру керек.
6 FTP-де дербестендірілген деректерді алу үшін Galaxy смартфоны қуатты өлшеу құралына қосылуы тиіс. Одан да дәл FTP-ді есептеу үшін Galaxy Watch смарт-сағаттарын смартфонға қосу қажет. Велосипедпен саяхат 4 минуттан астам уақыт ішінде орташа немесе жоғары жылдамдықпен орындалса және сіздің велосипедіңізге қуатты өлшеу құрылғысы тағылса, FTP автоматты түрде есептелетін болады. Машиналық оқытудың арқасында пайдаланушылар қаншалықты жиі велосипедті тепсе, FTP көрсеткіштері соншалықты дәл және дербестендірілген мәндерді есептейтін болады. Қуатты өлшеу құралы бөлек сатып алынады. Кәсіби құрал-жабдықта FTP талдаудың дәстүрлі ұзақтығы орташа алғанда 1 сағатты құрайды.
7 Race функциясы тек жүгіру және велосипедті тебу үшін қол жетімді. Салыстырмалы өлшеулерді алу үшін алдын ала жасалған жол бойынша бірнеше рет жүгіріп отыру керек. Салыстыру 14 күнге дейінгі кезең ішінде жазбалардың бірін таңдағанда қол жетімді. Егер сіз алдыңғы жазба басталған нүктеден жүгіруді қайтадан бастасаңыз, онда сіз салыстыруға қол жеткізе аласыз. Егер жүгіруді бастау нүктесі өзге болса, жүгіру режімі автоматты түрде қосылады.
8 One UI 6 Watch бағдарламасының бета-нұсқасы Samsung Members қосымшасы арқылы АҚШ-та және Кореяда Galaxy Watch4, Galaxy Watch4 Classic, Galaxy Watch5, Galaxy Watch5 Pro, Galaxy Watch6 және Galaxy Watch6 Classic пайдаланушыларына қол жетімді болады.

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары