[Сұхбат] Денсаулық сақтаудың болашағы сіздің қолыңызда
Сарапшылар жасанды интеллект негізіндегі киілетін құрылғылардың дамуы аясында денсаулық сақтау саласының қарқынды өсуін болжап отыр
Samsung Electronics компаниясының MX Business департаментіндегі Digital Health бөлімінін аға вице-президенті және басшысы дәрігер Хон Пак (Hon Pak) көктемнің басында Сеулдегі Samsung медициналық орталығында Samsung Health жөніндегі консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті. Тараптар денсаулық сақтау саласының болашағын және жасанды интеллект негізіндегі киілетін құрылғылар саланың дамуында қаншалықты маңызды рөл атқаратынын талқылады. Дәрігер Майкл Блюм (Michael Blum), медицина ғылымының докторы, BeeKeeper AI медициналық талдау платформасының бас директоры және негізін қалаушыларының бірі, Сан-Францискодағы Калифорния университетінің (UCSF) цифрлық трансформация бойынша бұрынғы бас маманы, кардиология бөлімі; дәрігер Дэвид Клонофф (David Klonoff), медицина ғылымының докторы, Миллс Пенинсула медициналық орталығындағы диабет ғылыми-зерттеу институтының президенті; және профессор Мюнг Джин Чунг (Myung Jin Chung), Samsung медициналық орталығындағы Samsung AI зерттеу орталығының (SAIC) директоры, Samsung компаниясы жасанды интелектті стратегиялық түрде қалай пайдалана алатыны туралы сараптамалық пікірлерімен, жаңа көріністерімен бөлісті. Киілетін құрылғылар портфолиосына ерекше назар аудара отырып.
Сұрақ: Денсаулық сақтау саласының болашағын қалай елестетесіз және технологиялар, әсіресе генеративті жасанды интеллектпен үйлескенде қандай рөл атқарады?
Профессор Чунг: Көп жылдық клиникалық тәжірибемнің арқасында мен пациенттің ауру тарихын жан-жақты түсіну өте маңызды екенін түсіндім. Дегенмен, науқастың өмір салтын немесе оның әл-ауқатының негізгі факторларын, мысалы, ұйқы режимін немесе тамақтану әдеттерін толық түсіну қиын болуы мүмкін, әсіресе емдеу нақты белгілерді жоюға бағытталған кезде. Киілетін құрылғылар арқылы алынған Lifelog деректері науқастың тарихының толық контекстін жақсырақ түсіну үшін денсаулық сақтау және клиникалық басқару үшін пайдалы болуы мүмкін. Жасанды интеллект дәрігерлерге көмектесіп, жиналған ақпаратты басқару мен түсіндіруді оңтайландыру арқылы бұл процесті жеңілдете алады. Жасанды интеллектін болашағы – бұл киілетін құрылғыларды пайдалану арқылы үздіксіз бақылау негізінде адамның денсаулық жағдайын тереңірек түсіну үшін күнделікті өмірден маңызды ақпаратты алу.
Дәрігер Блюм: Кардиолог ретінде үздіксіз бақылау ықтимал ауруларды ерте анықтау және болжау үшін маңызды құралға айналып отырғанын қосқым келеді.
Мысалы, мұндай бақылау жүрекшелердің фибрилляциясы, жоғары қан қысымы сияқты қауіпті және ауыр салдары бар, бірақ қарқындылығы төмен араласулармен емдеуге болатын жағдайлар үшін үлкен пайда әкелуі мүмкін. Смарт сағаттарды пайдалану арқылы біз бұған ықпал ететін негізгі мәселелерді жақсырақ түсіне аламыз, және Samsung бұл жерде үлкен көмек көрсете алады. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін бұл құрылғылар деректерді оңай іске асырылатын түсініктер мен ұсыныстарға айналдыра алады. Бұл адамдарға денсаулыққа ықтимал қауіптерді азайту үшін белсенді қадамдар жасауға мүмкіндік береді.
Дәрігер Клонофф: Глюкоза деңгейін бақылау қант диабетімен ауыратын адамдар арасында ғана емес, сонымен қатар жәй денсаулығына қамқорлық жасайтын адамдар арасында да жиілеп барады. Бұл функцияны қант диабетімен ауырмайтын, тек салауатты өмір салтын ұстанатын көптеген адамдар пайдалануда.
Осыған байланысты көбірек адамдар қандай мінез-құлық немесе өмір салтын таңдау олардың глюкоза деңгейіне әсер ететінін жақсырақ түсінгісі келеді. Денсаулық көрсеткіштері өзара байланысты болғандықтан, глюкоза деректерін ұйқы, қан қысымы және белсенділік деңгейі деректерімен біріктіру өмір салты мен жеке тәжірибенің әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ал егер пайдаланушылар осы ұжымдық деректерді тереңірек түсінсе, қант диабеті сияқты денсаулыққа қатысты ықтимал мәселелерді ерте анықтауға мүмкіндіктер артады. Киілетін құрылғылар және жасанды интеллект физиологиялық деректерге құндылық қосады, және адамдар метаболикалық денсаулықты тереңірек түсініп, жалпы денсаулық пен фитнесті жақсарту мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Сұрақ: Денсаулық сақтау саласындағы өзгермелі жағдайда Samsung қандай рөл атқарады деп ойлайсыз?
Дәрігер Клонофф: Біз Samsung компаниясын денсаулықты бақылау технологияларына жасанды интеллектті еңгізіп қана қоймай, мінез-құлықты өзгертуде көшбасшы болу үшін жаңашылдық мұрасын пайдалануды жалғастыруға шақырамыз. Медициналық сарапшылармен үздіксіз әңгімелесу және ынтымақтастық арқылы Samsung адамдарға өмірлеріне қажетті өзгерістерді әкелуге көмектесе алады. Бұл білімді пайдалану адамдарға ұзақ мерзімді перспективада денсаулығын сақтауға көмектесіп, сонымен бірге оларға қанағаттанарлық және жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді.
Дәрігер Блюм: Адамдардың өміріне кіріктірілген технология күнделікті денсаулықты сақтауда және ауыр ауру-сырқаулардың алдын алуға көмектесетін маңызды қадам бола алатынымен келісемін.
Мұндай құрылғылар денсаулыққа зиян келтірместен фондық режимде жұмыс істеуі керек. Ал Samsung смартфондар мен теледидарлардан бастап тұрмыстық техникаға дейін әртүрлі өнімдерді ұсынатын осы саладағы айқын көшбасшы. Дегенмен, сұрақ әлі де: адамдардың күнделікті өмірін денсаулық тұрғысынан қалай жақсартуға болады? Сайып келгенде, олардың мінез-құлық үлгілерін түсіну және оң мінез-құлық өзгерістерін ынталандыру үшін пайдаланушылармен байланысу өте маңызды; Samsung өзімізге және отбасымызға жақсырақ қамқорлық жасау үшін мүмкін болатын нәрселердің шекарасын ілгерілету мүмкіндігіне ие.
Профессор Чунг: Мен дәрігер Блюмның Samsung құрылғылары біздің күнделікті өмірімізге терең енгенімен, бақытты әрі салауатты болашақ үшін мінез-құлықты өзгерту үшін құрылғының экожүйесін одан әрі дамытуға мүмкіндік бар деген пікірін қолдаймын. Алайда, отбасы мүшелерінің қолдауымен мінез-құлық өзгерістері орасан зор күшке ие – бұл тапсырманы жалғыз шешуге қарағанда тиімдірек. Сондықтан үздіксіз бақылау мен аналитиканы пайдаланып, отбасымен және достарымен қамқорлық шеңберін құру қажет. Samsung пайдаланушыларға өздері және жақын адамдары туралы тереңірек білім беру үшін әлеуметтік байланыстарды барынша ұлғайту үшін тәжірибесі мен жетілдірілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қамқорлық шеңберін құруға үлкен үлес қоса алады.
Өнімдер > Ұялы құрылғылар
Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.