Samsung Electronics Odyssey G7 мониторларын ұсынады және Gamescom 2025-те ең жақсы жаңа ойындарды көрсетеді

20.08.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Жаңа 37 және 40-дюймдік Odyssey G7 мониторлары жоғары ажыратымдылықты, арттырылған жаңарту жылдамдығын және жаңа буын ойынына толық енуді қамтамасыз етеді

Samsung жетекші әзірлеушілермен серіктестіктің арқасында, Stellar Blade және MONGIL: STAR DRIVE секілді ойындарда оңтайландырылған тиімділікті ұсына отыра, Odyssey 3D-геймингі экожүйесін кеңейтеді

 

Samsung Electronics компанияcы 20-24 тамыз аралығында Кельн (Германия) қаласында өтетін ірі ойын оқиғасы – Gamescom 2025 көрмесінде үлкен ойын мониторларының жаңа Odyssey G7 желісін іске қосты. Жаңа G7 үлгілерімен қатар Samsung, өзінің кеңейтілген көзілдірік тағусыз Odyssey 3D-гейминг экожүйесін, сондай-ақ ірі баспалармен және  жетекші ойын студияларымен жаңа серіктестіктерді таныстырды.

 

«Біз өзіміздің жаңа өнімдерімізді және жаңа ойын серіктестіктерімізді Gamescom секілді танымал ойын оқиғасында көрсеткенімізге қуаныштымыз, –деп атап өтті Samsung Electronics  компаниясының атқарушы вице-президенті және Visual Display бөлімшесінің  корпоративтік бизнес тобының басшысы Хун Джонг (Hoon Chung). – Біздің жаңа коллаборациялар әр ойын үшін оңтайландырылған 3D- әсерлері бар, одан да шынайы ойын тәжірибесін жасайды. Біз құрылғылардың өнімділігін жақсарту және ойын индустриясында стратегиялық серіктестікті дамыту арқылы премиум ойын мониторлары нарығындағы көшбасшылығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз».

 

Samsung алты жыл қатарынан ойын мониторы сегментінде әлемдік көшбасшы позициясын иеленді. Халықаралық деректер корпорациясының (IDC)1 мәліметтері бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания әлемдік нарықтағы 18,9% үлесімен қайтадан бірінші орынды иеленді және жетінші жылы көшбасшылығын жалғастыруға дайын. Еуропада Samsung-тың ойын мониторлары нарығындағы үлесі 24,6%-ға жетті.

 

Odyssey G7 жаңа топтамасы: иммерсивтік әсерлерге арналған үлкен экрандар

 

Odyssey G7 мониторы (G75F моделі) екі өлшемде ұсынылған: 4K UHD (3840 x 2160) ажыратымдылығы және тараптардың арақатынасы 16:9 37-дюймдік дисплей және 5K2K (5 120×2 160) ажыратымдылығымен және және тараптардың арақатынасы 21:9 Samsung тарихындағы алғашқы монитор – 40-дюймдік Wide UHD (WUHD). Осылайша тұтынушылар қазіргі таңдағы 4K-ажыратымдылықтарымен  32- және 43- дюймдік үлгілеріне толықтыру ретінде тағы да көптеген нұсқаларды алады.

 

Жаңа өнімдер   көптапсырмалылыққа және экранды бөлуге арналған Picture-by-Picture (PBP) және Picture-in-Picture (PIP) мүмкіндігін қолдайды. VESA DisplayHDR 600 сертификаты және 350 нит жарықтығы бейнелерді тамашалауда және ойындарда жоғары контрастылықты және қанық түсберілісін қамтамасыз етеді.Барынша ыңғайлылық және ойын процесінің сапасы үшін жаңа мониторларда қарастырылған:

 

  • HDR10+ Gaming оңтайландырылған  HDR-гейминг үшін
  • AMD FreeSync™ Premium Proкідірістерді және кескіндердің үзілістерін азайтуға арналған.
  • CoreSync – экранда болып жатқанмен бірге жарықтандыруды синхронизациялау
  • Auto Source Switch+– қосылған құрылғыларды автоматты түрде анықтау
  • Қосылудың әмбебап мүмкіндіктері: DisplayPort4 бір порт және HDMI2.1 екі порты.
  • Биіктікті, еңкеюді және бұрылуды реттей отыра, заманауи эргономика  

 

Gamescom-ға келушілер Samsung стендінде (бірінші қабат, 9 зал) дисплейлердің қос нұсқасында Genshin Impact, HoYoverse -тан ашық әлеммен бірге шытырман RPG ойнап көріп, үлкен экранмен жаңа Odyssey G7-ні сынап көре алады.

 

Odyssey G7 енді Кореяда және АҚШ-та қолжетімді, ал Еуропада қыркүйекте сатылымға шығады.2

 

Odyssey 3D-әлемдері: жаңа серіктестіктер және ерекше контент

 

Samsung 3D ойын экожүйесін жаңа серіктестіктермен және көзілдіріксіз 3D ойынын ұсынатын Odyssey 3D мониторына (G90XF үлгісі) арналған ерекше контентпен кеңейтеді.

 

Gamescom 2025-те компания Netmarble баспасымен және SHIFT UP студиясымен серіктестік туралы хабарлады. Осы серіктестік арқасында көрме келушілері алғаш рет MONGIL: STAR DIVE және Stellar Blade ойындарын 3D-да Samsung стендінде алғаш рет сынап көре алады.

 

22-23 тамыз аралығында Кельн орталығында (Dock2) геймерлер Galaxy Z Fold7 және Odyssey 3D секілді құрылғыларда қарқынды геймплейді сезіне алатын Samsung The World of #PlayGalaxy іс-шарасын өткізеді.

 

Odyssey 3D әр ойынның кейіпкерлеріне, көріністеріне және орталарына 3D әсерлерін дәл бейімдей отырып, көзілдіріксіз тереңдікке бейімделген көруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тұтынушылар әр ойын үшін параллакс негізіндегі 3D тереңдігін реттей алады.

 

Odyssey 3D Hub  контент-платформасы арқылы Samsung өзінің ойын кітапханасын үнемі кеңейтіп отырады: бүгінде 3D форматындағы 25-тен астам ойын бар, оның ішінде The First Berserker: Khazan. 20253 жылдың соңына қарай олардың саны 504-ден асады. Олардың арасында Lies of P: Overture, Stellar Blade және MONGIL: STAR DIVE бар.

 

Үздік ойын студияларынан жаңа премьералар – Odyssey OLED-те

 

Gamescom 2025-те  Samsung Blizzard және Pearl Abyss қоса алғанда, жетекші ойын студияларымен бірге серіктестікте Odyssey OLED мониторларын геймерлердің сынап көру мүмкіндігін арттырады.

 

Биыл компания серіктес стендтер үшін: жаңарту жиілігі 500 Гц Odyssey OLED G6 (G60SF) және 4K ажыратымдылығы мен 240 Гц жаңарту жиілігі бар Odyssey OLED G8 (G81SF) флагмандық үлгілерді ұсынады.

 

  • World of Warcraft стендінде 500 -герцтік G6-мен бірге 80-ден астам ойын станциялары орнатылған, онда жанкүйерлер жаңа ойын тәжірибесін пайдалана алады және жаңартылған тұрғын үй жүйелерін алғаш рет сынай алады.
  • Pearl Abyss Odyssey OLED G6 және G 180 мониторларында болашақ өзінің экшен-RPG Crimson Desert-ті көрсетеді

 

OLED-топтамасының ең жоғары кескін сапасы көрме қонақтарына ойындардың визуалды құрамдас бөлігінен толық ләззат алуға мүмкіндік береді.

 

Gamescom 2025 келушілер Samsung стендін бірінші қабатта, 9 залдан (B030 және C031 стендтері) таба алады.

 

1 IDC Worldwide Gaming Tracker Q1 2025, ойын мониторының классификациясы IDC критерийлеріне негізделген: жаңарту жиілігі 144 Гц-тен (2023 жылдың 2-тоқсанынан) немесе 100 Гц-тен жоғары (2023 жылдың 2-тоқсанына дейін) мониторлар. Рейтингтер құнына негізделген.

Іске қосу кестелері елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Әр ойынның шығу мерзімдері әртүрлі болуы мүмкін.

3D қолдауымен жаңа ойындардың жаңартылған тізімін тексеру үшін тұтынушылар MS Store немесе Samsung.com сайтында Odyssey 3D Hub-ты жаңарта алады.

БАҚ-қа арналған ақпарат көзі > Баспа-релиздері

Өнімдер > Дисплейлер мен мониторлар

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі
Жоғары