One UI 7 бета нұсқасы технология жанкүйерлерінің сүйсініске толы пікірлеріне ие болды

21.01.2025
Share open/close
Сілтеме көшірілді

Нағыз AI-көмекші болуға бағытталған One UI 7 бета нұсқасы жаңартылған платформа интерфейсі үшін жетекші технологиялық журналистер мен инфлюенсерлердің оң пікірлеріне ие болды.

 

Өткен айда Samsung мобильді құрылғылардағы ЖИ арналған,  жаңа стандарттар орнататын, One UI 7 платформасының бета-тестілеуін бастады. Күткен нәрсе бұрынғыдан да жоғары болды: One UI 7 тестілеуінің бірінші кезеңінде,  One UI 6 бета сынақтарына қарағанда екі есе көп тұтынушылар қатысты.

 

One UI 7 ЖИ -модульдерін және мультимодальды тәжірибені тұтынушының әрбір байланыс нүктесіне бірсарынды  біріктіреді және құрылғының өзара әрекеттесуін табиғи, интуитивті түсінікті және жекелендірілген ету үшін күрделі тапсырмаларды жеңілдетеді.

 

One UI 7 жаңа Galaxy S сериялы құрылғыларымен бірге ресми түрде ұсынылатын болады.  One UI 7 бета-сынауына қатысқан сарапшылардың бірнеше дәйексөздерін атап өтсек:

 

9to5Google

«Осы жылы Samsung толығымен нысанаға дөп тиді».

 

 

BooredAtWork

«Galaxy құрылғылары One UI 7-мен біржола өзгереді. Менің ойымша, көптеген тұтынушылар керемет әсер алуда».

 

 

PhoneArena

«Байқауымша, One UI 7 керемет жетістікке жететін сияқты».

 

 

TA Tech Tips

«One UI 7  арқасында  телефоныңыз ЖИ басқарудың басты нүктесіне айналады. Байқап көріңіз, бұл бір керемет енді!»

 

 

TechRadar

«Samsung 2024 жылғы қаңтарда Galaxy AI мүмкіндіктерін ендіре отыра, өзінің орасан ЖИ-әуестенуін бастады және де енді One UI әрбір жаңартуымен құрылғылардың ЖИ-мүмкіндіктерін арттыруды жалғастыруда».

 

 

XeeTechCare

«Samsung-тың жаңа жылды таңғажайып етіп бастап жатқанын атап өткім келеді. Бізді болашақта ЖИ негізіндегі көптеген мүмкіндіктер күтетініне сенімдімін. Бұл тек бастамасы».

 

Сервистік қызмет көрсетуге байланысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша samsung.com/kz_kz/support сайтына хабарласуыңызды сұраймыз.
БАҚ өкілдерімен ынтымақтастық сұрақтары бойынша info.kz@samsung.com сайтына жазуыңызды сұраймыз.

Samsung туралы өзекті жаңалықтарды біліңіз

Мақалалардың тізімі